Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласында «Уағыз айтудың әдебі» атты танымдық семинар өтті.
Семинарды ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансуров жүргізіп, арнайы дәріс оқыды. Ол уағыз айтудың әдебі, насихат жүргізудегі жауапкершілік және дін қызметкерінің қоғам алдындағы міндеті туралы ой бөлісіп, тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шараға мешіт имамдары мен әйел ұстаздар қатысып, уағыз-насихат жұмысына қатысты өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Жиын соңында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы арнайы келген ұстазға алғыс айтып, ризашылығын білдірді.















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
26.09.2026
88
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру