Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Батыржан Мансұров Шығыс Қазақстан облысына арнайы барды.
Сапар аясында РАНТ мүшесі Өскемен қалалық «Әл-Фараби» мешітінде өңір имамдарына арналған «Уағыз айту әдебі» тақырыбында семинар өткізді. Сонымен қатар қалалық «Орталық мешітінде» жамағатқа Ихсан туралы насихат айтты.
Бұдан бөлек, Батыржан Мансұров «Халифа Алтай» мешітінде жұма уағызын айтты. Кейін «Халифа Алтай» студиясының подкаст жобасына қатысып, көрермендер мен тыңдармандарға маңызды тақырыптар бойынша сұхбат ұсынды.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
13.11.2026
32
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру