Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы облысында «той – тәрбие мен тағылымның ордасы» атты рухани кездесу өтті

Алматы облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі hilal.kz 13.11.2026 17 0 пікір
Алматы облысында «той – тәрбие мен тағылымның ордасы» атты рухани кездесу өтті

Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінде «Той – тәрбие мен тағылымның ордасы» тақырыбында рухани-танымдық кездесу ұйымдастырылды. 

Іс-шараға Қонаев қаласы әкімінің орынбасары Марат Файзуллаұлы, облыстың бас имамы Мадияр Тағайбайұлы, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ильяс Сейітбекұлы, облыстық мәдениет басқармасының бөлім басшысы, ақын Төлеужан Нүсіпжанұлы және өнер майталмандары мен той жүргізушілері қатысты.

Кездесуде Бас имам ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жүргізіліп жатқан той мәдениетін қалыптастыру жұмыстарына тоқталды. Нақтырақ айтқанда тойларда кездесетін ысырапшылдық, орынсыз бәсекелестік, әдепке қайшы ойын-сауықтар мен қарызға батып той жасау мәселелерін көтерді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру