Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Елорданың пәтуа мамандарына шариғат үкімдері таныстырылды

Астана қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі muslim.kz 12.11.2026 75 0 пікір
Елорданың пәтуа мамандарына шариғат үкімдері таныстырылды

Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Шариғат және пәтуа бөлімінің қала бойынша жауапты маманы Жолдас Қоспақұлы мешіттердегі пәтуа мамандарына ҚМДБ жариялаған бірқатар шариғи үкімді таныстырды. 

Пәтуалар цифрлық технология, отбасы және мүлік қатынасы секілді бүгінгі қоғамда жиі қойылатын сауалдарды қамтиды. Жолдас Қоспақұлы әр үкімнің мазмұнын түсіндіріп, жамағат сұрағына Діни басқарманың ресми шешімдеріне сүйеніп жауап беру қажет екенін еске салды.

Сондай-ақ маман әр мешіттегі пәтуа қызметі жүйелі әрі уақытылы атқарылуы керегін шегелеп айтты. Соңында қатысушылар алдағы жоспарларды ақылдасып, келесі кезеңнің міндеттерін пысықтады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру