Атырау имамдары Құдайы ас пен садақа дастарқанындағы ысырапшылдыққа жол бермеу мәселесі бойынша ҚМДБ бекіткен арнайы құжаттаманы халыққа кеңінен түсіндіруде.
Осы бағытта дін қызметкерлері өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында сұхбаттарға қатысып, құжаттың негізгі мазмұны мен маңызын таныстыруда.
Сұхбат барысында құдайы астың шариғатқа сай ұйымдастырылуы, қарапайымдылық пен үнемшілдікті ұстану, ас беру кезінде бәсекелестік пен даңғазалыққа жол бермеу мәселелері қозғалуда.
Бұл бастама – дін мен дәстүр сабақтастығын сақтай отырып, ас беру мәдениетін ізгілік пен қарапайымдылыққа бағыттау мақсатында қолға алынған.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Атырау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
amin.kz
13.11.2026
19
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру