Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы облысында дін қызметкерлері арасында ұлттық ойындар спартакиадасы өтті

Алматы облыстық баспасөз қызметі hilal.kz 13.11.2026 53 0 пікір
Алматы облысында дін қызметкерлері арасында ұлттық ойындар спартакиадасы өтті

Алматы облысында ел тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай мешіт дін қызметкерлері арасында ұлттық спорт түрлерінен спартакиада ұйымдастырылды. 

Спорттық шараға облыстың бас имамы Мадияр Тағайбайұлы қатысып, дін қызметкерлері арасындағы бірлік пен ынтымақты нығайтудың, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын атап өтті.

Жарыс барысында дін қызметкерлері садақ ату, асық ату, қол күресі, арқан тарту, гір тасын көтеру және футбол бойынша өзара бақ сынап, ептіліктері мен шеберліктерін көрсетті. Нәтижесінде қатысушылар төмендегідей орындарға ие болды:

Садақ атудан — Қарасай ауданы;
Асық атудан — Қарасай ауданы;
Қол күресінен — Ұйғыр ауданы;
Гір тасын көтеруден — Қарасай ауданы;
Арқан тартудан — Ұйғыр ауданы;
Футболдан: І орын — Қонаев қаласы, ІІ орын — Талғар ауданы, ІІІ орын — Еңбекшіқазақ ауданы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы мадақтамалар және қаржылай сыйлықтар табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру