Алматы облысы Іле ауданы Жәпек батыр ауылында «Бір кәсіпті меңгер» жобасы аясында тігін курсы ашылды.
Игі бастаманың ашылу рәсіміне ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының басшысы Мақсатбек Мақсотұлы Қайырғалиев қатысып, кәсіп үйретуге бағытталған жобаға қолдау білдірді. Сондай-ақ ұйымдастырушыларға ризашылығын жеткізді.
Жобаның мақсаты – тігін өнерін меңгеруге ниетті жандарға кәсіп үйретіп, адал еңбек арқылы табыс табуына және отбасы әл-ауқатын арттыруына мүмкіндік жасау.
Алдағы уақытта курс қатысушылары жаңа кәсіп игеріп, өз ісін бастауға және тұрақты табыс көзіне қол жеткізуге мүмкіндік алады.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
22.09.2026
45
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру