Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстауда мешіт жамағаттары арасында сапбордтан сайыс өтті

Маңғыстау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 13.08.2026 75 0 пікір
Маңғыстауда мешіт жамағаттары арасында сапбордтан сайыс өтті

Маңғыстау облысы бойынша «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен мешіт жамағаттары арасында сапбордтан (SUP-борд) облыстық спорттық сайыс өтті.

Іс-шараның мақсаты – жамағат арасындағы ынтымақтастық пен ауызбіршілікті нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және жастарды спортқа баулу.

Жарыс барысында қатысушылар сапбордта тепе-теңдікті сақтап, ептілік пен шеберліктерін көрсетті. Спорттық бәсекемен қатар, қатысушылар өзара пікір алмасып, достық қарым-қатынастарын нығайтты.

Сайыс қорытындысы бойынша:
І орын – Яков Илхом;
ІІ орын – Айтумұханбетов Ерсұлтан;
ІІІ орын – Бектасов Бекзат.

Жеңімпаздар арнайы марапатталып, үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларға алғыс білдірілді.

Мұндай бастамалар жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне ықпал етіп, жамағат арасындағы бірлік пен өзара сыйластықты арттыруға мүмкіндік береді.
         

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру