Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұнайлыда «Арақсыз ауыл» жобасы аясында кәсіпкер арақ-шарап өнімдерін сатудан бас тартты

Маңғыстау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 05.08.2026 369 0 пікір
Мұнайлыда «Арақсыз ауыл» жобасы аясында кәсіпкер арақ-шарап өнімдерін сатудан бас тартты

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданында «Арақсыз ауыл» жобасы аясында «Келімберді ахун» мешітінің бас имамы Амидулла Абдуллаұлының ұйытқы болуымен Батыр ауылындағы кәсіпкер өз сауда орнында арақ-шарап өнімдерін сатуды толықтай тоқтатты.

Осыған орай бас имам ауыл ақсақалымен бірге кәсіпкерге арнайы барып, қабылдаған игі шешіміне ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Бұл игі бастама имамдардың ағартушылық қызметінің қоғамдағы оң нәтижесінің бір көрінісі әрі адал кәсіптің маңызын айқындайтын тағылымды үлгі ретінде бағаланды.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру