Алматы облысы Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде «Отбасы тәрбиесі және адал қоғам» атты республикалық рухани-танымдық форум өтті.
Тағылымды жиынның мақсаты – отбасы институтын нығайту, ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпақ тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ қоғамда адалдық пен ізгілік қағидаларын қалыптастыру мәселелерін кеңінен талқылау.
Форумға Алматы облысының Бас имамы Мадияр Тағайбайұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Дін мен дәстүр» бөлімінің меңгерушісі Ерболат Нұрылдауылы Жүсіпов, Алматы облыстық «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ерболат Сапарұлы Тұрымбетов, Алматы облысы Дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Уәли Қайсар Ержанұлы, Алматы облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы, Ұлттық құрылтай мүшесі Қазыбек Нұрсейітұлы Дәуталиев, қоғам қайраткері, ҚР Білім беру саласының үздігі Қамнұр Тәлімұлы, сондай-ақ ауданның бас имамдары, мешіт имамдары, Ардагерлер және Аналар кеңестерінің өкілдері, жастар, жас отбасылар мен қоғам белсенділері қатысты.
Форумды Алматы облысының Бас имамы Мадияр Тағайбайұлы жүргізді. Жиын қасиетті Құран Кәрім аяттарын оқумен басталып, алғашқы сөзінде облыстың бас имамы отбасы тәрбиесінің қоғам тұрақтылығы мен ұлт болашағын айқындайтын басты құндылықтардың бірі екенін атап өтті.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Дін мен дәстүр» бөлімінің меңгерушісі Ерболат Нұрылдауылы Жүсіпов сөз сөйлеп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің сәлемін жеткізді.
Ол «Дәстүр және отбасы құндылығы» тақырыбында баяндама жасап, отбасының ұлттың рухани тірегі әрі қоғамның берік негізі екенін атап өтті. Сондай-ақ ұлттық салт-дәстүр мен ислам құндылықтарының өзара сабақтастығына тоқталып, жас ұрпақтың бойына имандылық, адамгершілік және отбасылық жауапкершілік қасиеттерін сіңірудің маңыздылығын кеңінен түсіндірді.
Форум барысында спикерлер «Отбасы құндылығы», «Ұлттық құндылықтар мен отбасы институтын нығайту – қоғам тұрақтылығының кепілі», «Отбасы егемендігі – Қазақстан қоғамының фундаменталды құндылығы» және «Адал қоғам қалыптастырудағы ата-ананың жауапкершілігі» тақырыптарында мазмұнды баяндамалар жасап, қоғамдағы отбасының орны, ұлттық тәрбие, рухани құндылықтар мен өскелең ұрпақ тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелерді жан-жақты талқылады.
Форум соңында қатысушылар отбасы құндылықтары мен рухани тәрбиені насихаттау қоғамның тұрақты дамуының маңызды тетігі екенін атап өтіп, мұндай тағылымды кездесулер ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға оң ықпал ететінін жеткізді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
30.06.2026
57
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру