Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы облысында Құрбан айтқа орай арнайы жиын өтті

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 19.05.2026 75 0 пікір
Алматы облысында Құрбан айтқа орай арнайы жиын өтті

Алматы облысының Бас имамы Мадияр Тағайбайұлының жетекшілігімен қасиетті Құрбан айт мерекесіне дайындық барысын талқылауға арналған арнайы жиын ұйымдастырылды.

Жиынға облысқа қарасты аудан имамдары қатысып, қасиетті мереке күндеріндегі жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Кездесу барысында бас имам ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің Құрбан айтқа қатысты берген тапсырмалары мен бағыт-бағдарын таныстырды.

Жиында мешіттерде мерекелік бағдарламаларды өткізу, халыққа қолайлы жағдай жасау, құрбан шалу рәсімдерін талапқа сай ұйымдастыру, сондай-ақ qurban.muftyat.kz сайты арқылы жүзеге асатын онлайн және офлайн құрбан шалуды үйлестіру мәселелері кеңінен сөз болды.

Сонымен қатар құрбандық шалатын орындардың тазалығы мен санитарлық талаптарға сәйкестігі, арнайы жұмыс топтарын құру, шариғат талаптарының сақталуын бақылау және құрбан етін мұқтаж отбасыларға дер кезінде жеткізу бағытындағы міндеттер пысықталды.

Жиын соңында Мадияр Тағайбайұлы дін қызметкерлерін ауызбіршілік пен жауапкершілікке шақырып, Құрбан айт күндері елге сапалы қызмет көрсетудің маңыздылығын атап өтті.

      

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру