Жетісу облысы бойынша ҚМДБ «Qamqor-Sharapat» мекемесінің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласындағы зираттарда тазалық жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен өткен «Өткенге құрмет – тіріге міндет» атты тазалық шарасына Талдықорған қаласының бас имамы Жансерік Өмірсерікұлы мен өңірлік «Qamqor-Sharapat» мекемесінің меңгерушісі Юсуф Мұратұлы ұйытқы болды. Игі іске қала мешіттерінің имам-ұстаздары, жамағат және ерікті жастар белсенді түрде атсалысты.
Шара барысында қала аумағындағы зираттар қоқыстан тазартылып, ретке келтірілді. Тазалық жұмыстары аяқталғаннан кейін марқұмдар рухына Құран бағышталып, дұға жасалды.
Аталған бастаманың негізгі мақсаты – тұрғындар арасында зират мәдениетін қалыптастыру, қоғамды тазалыққа, жауапкершілікке және рухани құндылықтарға үндеу болып табылады.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Жетісу облысы өкілдігінің Баспасөз қызметі
27.04.2026
63
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру