ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес, зағип жандардың білім алуына қолдау көрсету және оларды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.
Осы игі бастама аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің кітапханасында зағип жандар арасында кітапты мәнерлеп оқудан ерекше байқау ұйымдастырылды.
Тағылымды шара барысында қатысушылар Брайль қарпімен жазылған әдеби шығармалардың мазмұнын баяндап, белгіленген уақыт ішінде мәнерлеп оқу шеберліктерін көрсетті. Сонымен қатар, байқау аясында сұрақ-жауап кезеңі өтіп, үміткерлердің білім деңгейі мен ойлау қабілеті сараланды.
Жиынға қатысқан облыстың бас имамы Әнуар Ізімбайұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға алғыс білдіріп, алдағы өмірлеріне сәттілік тіледі. Ол сондай-ақ мұндай игі бастамалардың қоғам үшін маңыздылығына ерекше тоқталды.
Шара барысында Маңғыстау облыстық қажылар қауымдастығының ақсақалдары Базарбай Әбдірахманов пен Оралбек Асылбекұлы ақ баталарын беріп, қатысушыларға ризашылықтарын білдірді. Олар жас буынның білім жолындағы ізденістеріне береке тілеп, рухани кемелденуіне ізгі ниеттерін жеткізді.
Іс-шара соңында үздік деп танылған қатысушылар арнайы марапатталып, қаржылай сыйлықтармен ынталандырылды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
27.04.2026
60
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру