ҚМДБ-ның «Дәстүр және отбасы» бағыты аясында елімізде ақсақалдар арасында бата беру байқаулары тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Осы игі бастаманың жалғасы ретінде Ақтөбеде «Бата беріп үйрену» үйірмесі ашылды.
Үйірменің ашылуына ақсақалдар, дін қызметкерлері және ҚМДБ-ның «Мұнара ТВ» телеарнасының өкілдері қатысты. Игі жобаның бастамашысы – Ақтөбе қалалық және облыстық бата сайысының жеңімпазы, республикалық байқаудың жүлдегері Нұрлан Ізденұлы Есенғазы.
Жиында бата берудің қазақ дәстүріндегі орны мен діни маңызы түсіндіріліп, оның түрлері мен әдептері таныстырылды. Сонымен қатар түрлі жағдайларда берілетін бата үлгілері көрсетіліп, қатысушыларға тәжірибелік бағытта үйрету жұмыстары жүргізілді.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов бата беру мәдениетін жаңғыртудың маңыздылығына тоқталып, жастарға ұлттық құндылықтарды насихаттаудың мәнін атап өтті.
Айта кетейік, бұл – еліміз бойынша ашылған алғашқы бата беру үйірмесі. Үйірме аптасына бір рет, сәрсенбі күні сағат 15:00-де тегін өткізіледі. Оған 25 жастан асқан кез келген азамат қатыса алады.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
17.04.2026
112
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру