ҚМДБ Маңғыстау облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен имамдарға арналған «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» тақырыбында өңірлік оқу семинары басталды.
Шараға өңір дін қызметкерлері қатысуда. Семинар барысында уағыз-насихат жүргізудің жауапкершілігі, заманауи талаптары және жамағатпен дұрыс қарым-қатынас орнату жолдары жан-жақты түсіндірілуде.
Семинарды ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Хасан Ташайұлы жүргізуде.
Жиында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы бұл оқу семинарының дін қызметкерлері үшін маңыздылығын атап өтіп, уағыз айтушы имамның білімімен қатар әдебі мен көркем мінезінің де жоғары болуы қажеттігін айтты. Сондай-ақ, жамағатқа дұрыс насихат жеткізудің мәніне тоқталды.
Семинар аясында «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» құжаты таныстырылып, уағыз жүргізудің шариғи талаптары мен сөз мәдениетіне қатысты негізгі қағидалар кеңінен түсіндірілуде.
Сонымен қатар, тәжірибелі имамдар насихат жүргізудің тиімді тәсілдері бойынша пікір алмасып, қатысушыларға әдістемелік бағыт-бағдар беруде.
Семинардың негізгі мақсаты – имамдардың біліктілігін арттыру, діни қызмет сапасын жетілдіру.
Мұндай біліктілікті арттыру семинарлары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын таппақ. Имамдардың кәсіби деңгейін көтеру, шешендік қабілеттерін дамыту және діни білімін тереңдету мақсатында оқу курстары тұрақты түрде ұйымдастырылмақ.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
10.04.2026
654
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру