Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарламалық баяндамасы аясында Шымкент қаласы, Абай ауданындағы Кенесары хан мешітінде «Muftiyat» баспасынан жарық көрген кітаптарды үлестіруге арналған дилерлік орталық ашылды.
Аталған орталықтың негізгі мақсаты — ҚМДБ-ның «Muftiyat» баспасынан шыққан кітаптарды мешіттерге, медреселерге, кітапханаларға және діни дүкендерге жүйелі түрде тарату. Сонымен қатар, діни-ағартушылық насихат жұмыстарын жүргізу, түрлі деңгейдегі кітап жәрмеңкелерін ұйымдастыру сынды маңызды міндеттерді атқарады.
Жыл басында жоба ретінде іске қосылған орталықтың жұмысына Шымкент қаласының Бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы оң бағасын беріп, оның әрі қарай дамуына қолдау білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.
Айта кетейік, «Muftiyat» баспасынан «Дін мен дәстүр III», «Отбасылық сұрақ-жауаптар», «Құран інжулері», «Исламдағы сауда-саттық», «Пәтуалар жинағы» (1–5 том), «Бабалар ізімен – қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп», «Ислам ғибадаты» және өзге де барлығы 55 атаулы құнды кітап жарық көрген.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
10.04.2026
393
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру