Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әзірет Сұлтан» мешітінде Қадір түні қариларға құрмет көрсетілді

Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі muslim.kz 16.03.2026 848 0 пікір
«Әзірет Сұлтан» мешітінде Қадір түні қариларға құрмет көрсетілді

Мың айдан да қайырлы Қадір түніне арналған рухани бағдарлама аясында «Әзірет Сұлтан» мешітінде Рамазан айы бойы тарауық намазын жүргізіп, жамағатқа Құран аяттарын әуезді мақаммен оқып берген қариларға құрмет көрсетілді.

Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Ерболат Жүсіпов қасиетті айда құлшылықты көркейтіп, жамағаттың рухани сусындауына үлес қосқан қариларға алғыс айтып, арнайы марапат табыстады. Дәстүрге сай иықтарына шапан жабылып, олардың игі қызметіне береке тілеп, дұға жасалды.

Сондай-ақ мешітке жиналған ақсақалдар мен жамағат өкілдері қариларға батасын беріп, ризашылықтарын білдірді. Қасиетті айда Құранмен қауыштырған қарилар көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру