Бүгін «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Сьезі аясындағы дінаралық және гуманитарлық ынтымықтастық» халықаралық жиыны өтті.
Онлайн форматтағы шараны Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы мен Егеменді Мальта ордені ұйымдастырған.
Аталған жиынға еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Раманкулов, Егеменді Мальта орденінің халықаралық істер жөніндегі бас хатшысы Джампаоло Кантини, Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының Басқарма төрағасы Гүлсана Қожабай, сондай-ақ діни бірлестіктер, халықаралық ұйымдар мен еріктілер бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
Сондай-ақ, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлының тапсырмасымен Жастар ісі секторының меңгерушісі Нұрболат Советханов та қашықтан қосылып, мазмұнды баяндама жасады.
ҚМДБ өкілі қатысушыларға Бас мүфтидің сәлемін жеткізіп, Діни басқарманың рухани тәрбие, қайырымдылық және жастармен жұмыс бағытындағы қызметіне тоқталды. Жастарды еріктілікке, қоғамдық пайдалы істерге және мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге жұмылдыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
17.11.2026
32
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру