Бүгін Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен кезекті «Бөлім сағаты» өтті.
Жиын барысында ҚМДБ Ислам қаржы секторының меңгерушісі Нұржан Стамбакиев Ислам банкингінің теориясы мен практикасына жөнінде баяндама жасады.
Алдымен спикер сектордың атқарып жатқан жұмыстары мен қызметі туралы кеңінен тоқталды. Осыдан соң Исламдық қаржы, Исламдық банктің нарықтағы дәстүрлі қаржы ұйымдарынан айырмашылығы, жұмыс істеу принципі мен өзгешіліктері, Шариғатқа сәйкестігі туралы ақпарат берді.
Кездесуде Бас мүфти «Ислам қаржысы – қазіргі қоғам үшін өзекті бағыттардың бірі. Бұл салада халықтың шариғат талаптарына сай қаржылық қызметтерге деген сұранысын ескеру, исламдық қаржыландырудың ерекшеліктерін түсіндіру, осы бағыттағы шариғи мәселелерді зерделеу, мамандардың біліктілігін арттыру және қоғамға дұрыс ақпарат жеткізу маңызды, - деп атап өтті. 












ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
17.11.2026
305
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру