Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ Жастар ісі секторы Астана медресе-колледжінің шәкірттерімен пікір алмасты

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 09.11.2026 28 0 пікір
ҚМДБ Жастар ісі секторы Астана медресе-колледжінің шәкірттерімен пікір алмасты

Елордада ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасы аясында Астана медресе-колледжінің үшінші курс шәкірттерімен кездесу өтті. 

Жүздесуге ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі Нұрболат Советханов және қалалық өкілдіктің жастар бағытына жауапты маманы Шалқар Жолды қатысты.

Еркін форматта өткен кездесуде Мемлекет басшысының жолдауында айтылған «Адал азамат» идеясы талқыланды. Қатысушылар жастардың қоғам алдындағы жауапкершілігі, қарым-қатынас әдебі және медреседе алған білімін күнделікті өмірде қолдану тақырыбында пікір алмасты.

Сондай-ақ ҚМДБ бекіткен «Ислам және адал қоғам» жылы аясында адал еңбек ету, уәдені орындау және айналаға құрмет көрсету секілді қасиеттердің маңызы туралы айтылды.

Жүздесу соңында шәкірттерге «Ислам және адал қоғам» кітабы сыйға тартылды.




Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру