Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

09 Қазан 2026

27 Рабиғул ахир 1448 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

БАС МҮФТИ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА САПАРЫ АЯСЫНДА «ӘЛ-ЫҚЫЛАС» МЕШІТІНІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 09.10.2026 129 0 пікір
БАС МҮФТИ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА САПАРЫ АЯСЫНДА «ӘЛ-ЫҚЫЛАС» МЕШІТІНІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына сапары аясында Ордабасы ауданына қарасты Темірлан ауылындағы «Әл-Ықылас» мешітінің ашылу рәсіміне қатысты.

Баршаңызды Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекенінде жаңадан бой көтерген «Әл-Ықылас» мешітінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Алла Тағала жаңа мешітімізді иманның ұясы, ілімнің ордасы, тәрбиенің мектебі, бірліктің мекені, жүректер тоғысатын қасиетті орын еткей.

«Алла Тағала Құран Кәрімде «Тәубе» сүресінің 18-аятында: «Расында, Алланың мешіттерін Аллаға және ақырет күніне иман келтірген, намазды толық орындаған, зекет берген және Алладан ғана қорыққан адамдар көркейтеді», – дейді.

Бұл аяттан мешітті көркейту тек оның қабырғасын тұрғызумен шектелмейтінін аңғарамыз. Мешіттің шынайы көркі – оның жамағатында, оқылған намазында, үйретілген ілімінде, айтылған насихатында, жасалған дұғасында. Сондықтан бүгінгі ашылып отырған «Әл-Ықылас» мешіті ғимаратымен ғана емес, рухани тұрғыдан көркейе берсін деп тілеймін»,-деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетейік, жаңа мешіттің сыйымдылығы – 250 адам. Құлшылық үйі ауыл тұрғындарының діни рәсімдерді орындауына және рухани қажеттіліктерін өтеуіне мүмкіндік береді.












Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру