Бүгін Астана қаласындағы «Нұр-сұлтан» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен дін қызметкерлеріне арналған семинар өтті.
Алқалы жиында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Адал мұсылманның бейнесі» тақырыбында мазмұнды дәріс оқыды.
Дәріс барысында Бас мүфти адал мұсылман тұлғасын қалыптастыратын негізгі төрт бағытқа ерекше тоқталды. Оның ішінде ниет тазалығы және шынайылық, адал ризық пен арамнан сақтану, қарапайымдылық пен кішіпейілділік, шыншылдық пен аманатқа беріктік секілді маңызды қасиеттерді атап өтті.
«Нағыз мұсылман – сөзіне берік, ісіне жауапты, аманатқа адал адам. Өйткені адамның шынайы қадірі байлығымен яки дәрежесімен өлшенбейді, оның адалдығы мен сенімділігі арқылы өлшенеді. Қорыта айтқанда, «Шындық – жүректің айнасы, аманатқа беріктік – иманның айғағы, ал адалдық – адамдықтың асыл белгісі», - деді Бас мүфти.
Сондай-ақ Семинарда ҚМДБ «Хаттама және ұйымдастыру» бөлімінің меңгерушісі Дәулет Ораз «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Протокол ережесін» таныстырды.















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
20.11.2026
76
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру