Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы «Нұр-Сұлтан» мешітінде «Исламда көрші ақысы және қоғамдық қарым-қатынас әдебі» тақырыбында жұма уағызын айтты.
«Асыл дініміз мұсылмандарға көршімен берік байланыс орнатып, оны сыйлап, құрметтеуді бұйырады. Қазақ халқында «Көрші ақысы – Тәңір хақысы», «Жақсы көрші – төрің, жаман көрші – көрің», «Жақсы болсаң көршіңмен, Кем қалмайсың еншіңнен» деген көршіге қатысты нақыл сөздер көп. Өйткені ата-бабаларымыз «Алыстағы ағайыннан жақындағы көршің артық» деп көршілік қарым-қатынасқа ерекше мән берген.
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Үйдің құтты болуы оның кең болуы және көршілердің жақсы болуы. Ал құтсыз болуы тар және көршілерінің нашар болуында», – деген екен (имам Ибн Мәжа). Сондықтан өз ұрпағымызды көршіні сыйлауға, ағайындай араласуға, қолдан келген көмегін аямауға үйретейік, - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Жұма намазынан кейін Бас мүфти мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
20.11.2026
46
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру