Түркияның Ыстамбұл қаласында жергілікті Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Үмбеттің бірлігі және жаһандық мәселелер» тақырыбында халықаралық пәтуа кеңестерінің консультативтік кездесуі өтуде.
22–25 қараша аралығына жоспарланған алқалы жиынға әлемнің түкпір-түкпірінен Бас мүфтилер, танымал ислам ғалымдары мен дін қайраткерлері жиналды.
Аталған басқосуға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы тапсырмасымен ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшелері, Наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы мен Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Берденұлы арнайы барды.
Халықаралық кездесу аясында мұсылман үмбетінің бірлігін нығайту, жаһандық сын-қатерлерге қатысты ортақ діни ұстаным қалыптастыру және пәтуа беру тәжірибесін жетілдіру мәселелері талқыланады деп күтілуде.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
23.11.2026
24
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру