Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ СЪЕЗ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ XXIV ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 07.10.2026 30 0 пікір
БАС МҮФТИ СЪЕЗ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ XXIV ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Бүгін Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XXIV отырысы өтті.

Хатшылық отырысын Қазақстан Республикасының Вице-Президенті, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Ерлан Карин ашып, Съездің халықаралық дінаралық және өркениетаралық диалогты дамытудағы маңызына тоқталып, әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтудағы рөліне назар аударды.

Жиынға әлемнің түрлі елдерінен келген дін және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Атап айтқанда, Дүниежүзілік мұсылман лигасы Бас хатшысының орынбасары Абдулрахман Абдулла әл-Заид, Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Абдельсалам, Әл-Азхар шейхі кеңсесінің басшысы Абдурахман Мұса, Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Шейх-уль-ислам Аллахшүкір Паша-заде, БҰҰ Өркениеттер альянсының директоры Нихал Саад, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, және басқа да дін қайраткерлері болды.

Отырыста VIII Съезд шешімдерін жүзеге асыру мәселелері қаралып, «Діндердің климаттың өзгеруімен күрестегі рөлі» және «Діни салада жасанды интеллектіні пайдаланудың этикалық кодексі» атты бірлескен құжаттар таныстырылып, «Жазылмайтын дертке шалдыққан балалардың құқықтар хартиясын» ілгерілету жөніндегі бастама талқыланды.

Жиын соңында Съезд Хатшылығының XXV отырысын өткізу мерзімі мен орны айқындалып, XXIV отырыстың хаттамасы қабылданды.


















Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру