Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен бірқатар облысқа жаңа Бас имамдар тағайындалды.
Павлодар облысының Бас имамы – Жұманазар Садырханов бұған дейін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы қызметін атқарды. Құран қарилығын меңгерген, «Нұр-Мүбарак» университетінің дінтану мамандығы бойынша магистрі. ҚМДБ Қарилар кеңесінің мүшесі.
Ақмола облысының Бас имамы – Серік Халиков ұған дейін Көкшетау қаласындағы облыстық «Науан хазірет» мешітінде ұстаз қызметін атқарды. «Нұр-Мүбарак» университетінің исламтану мамандығын тәмамдаған, әл-Азһар университетінде білімін жетілдірген.
Солтүстік Қазақстан облысының Бас имамы – Аян Алыпкашев 2012 жылдан бері Петропавл қаласындағы «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы қызметін атқарып келді. «Нұр-Мүбарак» университетінің исламтану факультетін тәмамдаған. Түркияда имамдардың білімін жетілдіру курсынан өткен.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
25.09.2026
99
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру