Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласындағы «Мұнара» телеарнасының жаңартылған студиясымен танысты.
Алматы қаласының Бас имамы Төлеби Оспан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына студияда жүргізілген жаңғырту жұмыстарын таныстырып, жаңа түсірілім алаңдары мен техникалық мүмкіндіктері туралы баяндады.
Жаңартылған студияда сұхбат, подкаст, танымдық және рухани-ағартушылық бағдарламалар түсіруге арналған алаңдар қарастырылған. Сонымен қатар эфир сапасын арттыруға және әлеуметтік желілер мен цифрлық платформаларға арналған заманауи контент әзірлеуге мүмкіндік беретін техникалық жабдықтар орнатылған.
Танысу барысында телеарнаның алдағы шығармашылық жоспарлары, жаңа бағдарламалар әзірлеу, рухани-ағартушылық мазмұнды заманауи форматта ұсыну және көрерменге пайдалы әрі сапалы контент жеткізу бағытындағы жұмыстар сөз болды.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
19.09.2026
93
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру