Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Абай облысына сапармен барды

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 22.09.2026 18 0 пікір
ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Абай облысына сапармен барды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы бастаған ұстаздар делегациясы Абай облысына арнайы іссапармен барып, бірқатар рухани-ағартушылық іс-шараға қатысты.

Делегация құрамында Алматы қаласы Әйел-қыздар секторының жетекшісі Гүлмира Ілесбайқызы, Павлодар облысы Әйел-қыздар секторының жетекшісі Акерке Тұрғынбай және Шығыс Қазақстан облысы Әйел-қыздар секторының жетекшісі Айзат Асқарбекқызы болды.

Сапар барысында ұстаздар Абай облыстық орталық мешітінің ұйымдастыруымен өткен «Адалдықтың жаршысы – Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)» атты облыстық Мәуліт кешіне және «Адал қоғам құрудағы аналардың орны» атты рухани-танымдық шараға қатысты. Жиындарда Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірі, отбасы құндылықтары, ананың қоғамдағы рөлі мен ұрпақ тәрбиесі туралы уағыз-насихат айтылды. Сонымен қатар ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін сахналық қойылымдар ұсынылды.

Сондай-ақ делегация мүшелері Жидебайға барып, Абай Құнанбайұлының музей-үйін аралады. Абай, Шәкәрім, Зере және Ұлжанның рухына Құран бағыштап, дұға жасады.

Іссапар аясында ұстаздар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына және «Мұнара» телеарнасына «Әйел даналығы» тақырыбында сұхбат берді. Сұхбат барысында қоғамдағы әйел-аналардың рөлі, отбасы құндылықтары және қыз бала тәрбиесінің маңызы жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды.






Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру