Алматы қаласында өтіп жатқан QMDB EXPO-2026 көрмесінің екінші күні Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде «Бизнес және ислам құндылықтары» тақырыбындағы форуммен жалғасты.
Ислам қаржысы, халал индустриясы және кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі мәселелеріне арналған басқосуға сала мамандары, сарапшылар мен кәсіпкерлер қатысты.
Форумның ашылуында Бас мүфти кеңесшісі Смайыл Сүйерқұлұлы сөз сөйлеп, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының форум қатысушыларына жолдаған сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.
Жиында Ислам қаржысы және бизнес қауымдастығының CEO-сы Мәдина Тұқұлова ислам қаржысының негізгі қағидаттары, инвестициялық платформалар мен жаңа мүмкіндіктер туралы баяндама жасады.
«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы халал стандарттарының бизнеске деген сенімді нығайтудағы және кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы маңызына тоқталды.
ҚМДБ Ислам қаржысы секторының меңгерушісі Нұржан Жақсылықұлы Қазақстандағы қолжетімді исламдық қаржыландыру құралдарын таныстырып, оларды тәжірибеде қолдану мүмкіндіктері жөнінде баяндады.
Ал «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев шариғат аясындағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, зекет пен қайырымдылық мәдениетінің қоғам өміріндегі орны туралы ой бөлісті.
Форум барысында қатысушылар ислам құндылықтары мен заманауи кәсіпкерлікті ұштастыру, адал бизнесті дамыту, исламдық қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейту бағытында пікір алмасты.
Іс-шара соңында кәсіпкерлер мен сала өкілдері арасында өзара әріптестік орнатуға бағытталған B2B кездесулер өтті.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
20.09.2026
134
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру