Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ұйымдастырылған халықаралық «QMDB EXPO-2026» көрмесі Алматы қаласында өз мәресіне жетті.
Екі күнге созылған ауқымды шараға отандық және шетелдік 100-ге жуық кәсіпорын қатысып, өз өнімдері мен қызметтерін көпшілік назарына ұсынды. Көрмені екі күн ішінде 30 мыңнан астам адам тамашалап, халал өнімдермен танысып, сауда жасады.
Көрме барысында келушілерге 9 тонна сүт өнімдері, 1 тоннаға жуық балмұздақ, 5 тонна ет өнімдері, 4 тонна құс еті, 8 тоннаға жуық кондитерлік өнімдер, 5 тоннаға жуық шұжық өнімдері, 3 тоннадан астам жартылай фабрикаттар ұсынылды. Сондай-ақ 5 тоннаға жуық сусындар – кофе, шай және сироптар, 2 тоннаға жуық емдік-профилактикалық өнімдер саудаға шығарылды.
«QMDB EXPO-2026» тек өнім ұсынатын сауда алаңы ғана емес, отандық және шетелдік кәсіпкерлердің өзара тәжірибе алмасып, жаңа іскерлік байланыстар орнатуына мүмкіндік берген халықаралық алаңға айналды.
Сонымен қатар екі күн бойы халал индустриясы, ислам қаржысы, кәсіпкерлік және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бағытында арнайы іс-шаралар ұйымдастырылып, сала мамандары мен сарапшылар тәжірибе алмасты.
Көрме аясындағы арнайы марапаттау рәсімінде салада үздік нәтиже көрсеткен кәсіпорындар мен мамандар «Үздік халал кәсіпорын», «Сенім мен сапа кепілі» және «Үздік маман» номинациялары бойынша марапатталды.













ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
21.09.2026
289
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру