Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары барысында «Әбу Ханифа» медресе-колледжіне JMMC автокөлігін табыстады.
ҚМДБ Төрағасы білім ордасының басшылығына автокөлік кілтін табыстап, медресе-колледж ұжымының діни білім беру бағытындағы қызметіне табыс тіледі.
Наурызбай қажы Тағанұлы діни білім беру ісін дамыту, болашақ дін мамандарына сапалы білім мен тағылымды тәрбие беруге қажетті жағдай жасау Діни басқарманың негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті.
Өз кезегінде медресе-колледж басшылығы көрсетілген қолдау үшін ризашылығын білдірді.
Айта кетейік, жаңа автокөлік білім ордасының қызметтік қажеттіліктеріне пайдаланылатын болады.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
19.09.2026
52
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру