Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ «ӘБУ ХАНИФА» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНІҢ ШӘКІРТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 19.09.2026 24 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ «ӘБУ ХАНИФА» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНІҢ ШӘКІРТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы орталық мешітінде «Әбу Ханифа» медресе-колледжінің шәкірттерімен кездесті.

Кездесу барысында Бас мүфти шәкірттерге адалдық, әділдік, білім мен көркем мінездің маңызы жөнінде насихат айтып, болашақ дін қызметкерінің бойында болуы тиіс негізгі қасиеттерге тоқталды.

«Адалдық ең алдымен ниеттен басталады. Ол адамның ішкен асынан, істеген ісінен, сөйлеген сөзінен, жүріс-тұрысынан көрініс табуы тиіс. Дін жолындағы шәкірт үшін білім мен адалдық қатар жүруі қажет. Себебі ертең сіздер халыққа қызмет етіп, елдің діни сауатын арттыру жолында еңбек етесіздер. Сондықтан әрдайым сенімге селкеу түсірмей, аманатқа берік болу маңызды», – деді Бас мүфти.

Жиын соңында Наурызбай қажы Тағанұлы шәкірттерге білім жолында табыс тілеп, елге адал қызмет ететін білікті де білімді дін маманы болуларына тілектестік білдіріп, ақ батасын берді.












Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру