Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласында өтіп жатқан «QMDB EXPO-2026» халықаралық көрмесі аясында бірқатар кәсіпорындар мен сала мамандарын марапаттады.
Марапаттау рәсімінде өз саласында үздік нәтиже көрсетіп, адал еңбек пен сапаны басты ұстаным еткен кәсіпорындарға, сондай-ақ ҚМДБ қызметінің түрлі бағыттарының дамуына үлес қосқан мамандарға арнайы марапаттар табысталды.
2026 жылдың «Үздік халал кәсіпорын» марапатының иегерлері:
1. «Тойбосс» ЖШС;
2. «PUFFICO» ЖШС;
3. «ASL CORN ELIT» ЖШС;
4. «Craffers» ЖШС;
5. «Lalu Cake»;
6. «Тулпар-Элит» ЖШС.
«Сенім мен сапа кепілі» марапатына ие болған кәсіпорындар:
1. «Sulu Kazakhstan»;
2. «RAIM FOOD».
2026 жылдың «Үздік маман» марапатының иегерлері:
1. Жиенғалиева Мөлдір Әнетқызы;
2. Ибрагим Аймекен Амангелдіқызы;
3. Саурақбай Ақбота Болатбекқызы.
Айта кетейік, «QMDB EXPO-2026» халықаралық көрмесі 19-20 қыркүйек күндері Алматы қаласында өтуде. Көрмеге жүзге жуық отандық және шетелдік компания қатысып, өз өнімдері мен қызметтерін таныстыруда. Сондай-ақ ҚМДБ-ға қарасты мекемелердің рухани-ағартушылық, қайырымдылық, ақпарат, баспа, қажылық, халал индустриясы, цифрландыру және әлеуметтік бағыттардағы жобалары ұсынылуда.






























ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
19.09.2026
33
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру