2027 жылғы қажылық маусымына дайындық аясында ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб муфти Кенжетай Байкемелұлы отандық «Atlas Tourism», «Nurhan Travel», «Tawaf Travel» және «Hikmet Travel» туроператорларды қабылдап, ҚМДБ төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізді.
Аталмыш жиында ҚМДБ мен туроператорлар арасында еліміздің қажыларының ұлы сапарын жақсарту мақсатында мәселелер қозғалып, келісімшартқа қол қойылды.
Сонымен қатар, жоғарыда аталған туроператорлардың таңдауы негізінде Сауд Арабиясы Корольдігінің қажыларға қызмет көрсету саласындағы Holiday Inn Bakkah компаниясының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуде ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб муфти Кенжетай Байкемелұлы Holiday Inn Bakkah компаниясының операциялық қызмет жөніндегі атқарушы вице-президенті Мурси Шәукат Али мен директордың орынбасары Әнәс Мұхаммед Аммарды қабылдады.
Жиын барысында алдағы маусымға дайындық жұмыстары, қажылар үшін көрсетілетін қызметтердің сапасы, сондай-ақ оларды орналастыру және өзге де ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан қажылық миссиясы мен Holiday Inn Bakkah компаниясы арасында еліміздің қажыларына қызмет көрсету жөніндегі келісімге қол қойылды.
Жасалған келісімдер қажылық сапарын тиімді ұйымдастыруға, көрсетілетін қызметтердің деңгейін арттыруға және Қазақстандық қажылардың қауіпсіздігі мен қолайлы жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған.
Тараптар өзара ынтымақтастықты нығайтып, Қазақстан қажыларына жоғары деңгейде қызмет көрсету және 2027 жылғы қажылық маусымын сапалы әрі табысты өткізу бағытында бірлесіп жұмыс істеуге келісті.














ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
10.09.2026
284
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру