Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылық және ұмра саласында қызмет көрсететін тәжірибелі туроператорлар арасында адал әрі әділ бәсекелестікке қол жеткізу үшін әрі қажыларымызға қолайлы жағдай жасау мақсатымен «Үміткер туроператорларға қажылық орындарын бөлудің ережесі» негізінде 2027 жылы қажылықпен айналысуға үміткер туристік операторлар арасында конкурс жариялайды.
- «Қажылық-2027» маусымына дайындығы және нақты игере алатын қажылық орын саны мен мүмкіндігі туралы ҚМДБ-ға өтініш хат жіберу;
- Туроператорлық қызметті жүзеге асыру бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарына сай берілген тиісті мемлекеттік лицензиясының және ҚР «Туристік қызметі туралы» Заңы 27-3-бабының 1-тармағына сәйкес қосымшасының болуы;
- Мемлекеттік кірістер органынан салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің төленгенін айғақтайтын және осы төлемдер бойынша берешектің жоқтығы туралы құжаттың болуы;
- Қажылықты ұйымдастыруда тұрақты оң 5 (бес) жылдық тәжірибесінің бар екендігін айғақтайтын құжаттардың болуы;
- ҚР заңдарын және САК тарапынан қажылыққа қатысты қойылған талаптарды бұзбауы;
- САК қажылық және ұмра министрлігінің 2027 жылғы қажылық маусымына белгілеген ресми талаптарға сәйкес, әрбір қажылық ұйымдастырушыға (туроператорға) берілетін ең төменгі квота 1000 (бір мың) қажыны құрайды. Осы талап конкурсқа қатысушылар үшін міндетті болып табылады.
- Конкурсқа қатысушының конкурс жарияланған күнге дейін кемінде соңғы он екі ай ішінде Ұмра (кіші қажылық) сапарларын ұйымдастыру бойынша тұрақты қызметті жүзеге асырғанын құжатпен растауға міндетті. Тұрақты қызмет деп мыналардың жиынтығы түсініледі:
- Сауд Арабиясының уәкілетті ұйымдарымен немесе олардың ресми серіктестерімен қолданыстағы шарттық қатынастардың болуы;
- соңғы он екі ай ішінде Ұмра сапарларын нақты ұйымдастыру тәжірибесінің болуы;
- туристерді орналастыру, көлік, виза, гидтік қызмет көрсету және өзге де қызметтерді орындауды растайтын құжаттардың болуы;
- шарттардың тиісінше орындалғанын растайтын бастапқы бухгалтерлік және өзге де құжаттардың болуы.
-
ҚР аумағында халыққа сапалы қызмет көрсете алатын кеңсесінің болуы (кеңсенің мекен-жай анықтамалығы, кеңсе немесе ғимаратты жалға алған келісім-шарты).
Аталған құжаттар 2026 жылғы 11 тамыздан бастап hajj@muftyat.kz поштасы арқылы 2026 жылғы 21 тамызға дейін қабылданады. Көрсетілген мерзім аралығында құжаттарын тапсырмаған туристік оператордың ұсыныстары қаралмайды.
Туындаған сұрақтар бойынша аталған поштаға және ҚМДБ Қажылық бөліміне (Жүсіпов Ерболат +7 717 299 93 87) хабарласуға болады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Қажылық бөлімі
muftyatkz
11.08.2026
248
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру