Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ өкілі Қырғызстандағы исламдық қаржыға арналған дөңгелек үстелге қатысты

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 20.07.2026 218 0 пікір
ҚМДБ өкілі Қырғызстандағы исламдық қаржыға арналған дөңгелек үстелге қатысты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Исламдық қаржы секторының меңгерушісі Нұржан Жақсылықұлы AIFB қауымдастығы ұйымдастырған делегация құрамында Қырғыз Республикасына жұмыс сапарымен барып, исламдық қаржы саласындағы тәжірибе алмасуға арналған халықаралық дөңгелек үстелге қатысты.

Іс-шараға Қазақстан мен Қырғыз Республикасының қаржы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарының, діни басқармалардың және исламдық қаржы ұйымдарының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында исламдық қаржы индустриясын дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланып, исламдық терезелерді басқару тетіктері, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, исламдық қаржы өнімдері мен сукук нарығын дамыту, шариғи кеңестердің қызметі және саладағы кадрлық әлеуетті арттыру бағытында тәжірибе алмасу жүзеге асты.

Жиын қорытындысында қатысушылар исламдық қаржы секторын дамытудағы өңірлік ынтымақтастықтың маңызын атап өтіп, өзара тәжірибе алмасу мен бірлескен жұмысты жүйелі түрде жалғастыруға уағдаласты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру