Бүгін Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің бітіруші түлектеріне салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі өтті.
Аталған шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, жас мамандарға ізгі лебізін білдірді.
Салтанатты жиында ҚМДБ Төрағасымен қатар Бас мүфти кеңесшісі Смайыл Сейітбек, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, университет басшылығы, ұжымы мен оқытушы-профессорлар құрамы, студенттердің ата-аналары және арнайы шақырылған қонақтар қатысты.
Бүгін қолдарыңызға алатын диплом білім жолында бағындырған бір белес болғанымен, үлкен жауапкершіліктің басталғанын білдіреді. Сіздер енді халықпен жұмыс істейтін, елдің рухани өміріне ықпал ететін, жастарға бағыт-бағдар көрсететін мамандар қатарына қосылдыңыздар. Қазақ халқы ежелден: «Ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді» деген. Сондықтан сіздердің ең басты міндеттеріңіз – алған білімдеріңізді халық игілігіне жұмсау.
Айта кетейік, биыл оқу жылында университетті 497 студент сәтті тәмамдап, үлкен өмірге жолдама алды. Оның ішінде 457 студент бакалавриат, 32 студент магистратура және 8 студент докторантура бағдарламаларын аяқтады. Бакалавриат түлектерінің ішінде Исламтану мамандығын 276 студент, Дінтану мамандығын 85 студент, Теология мамандығын 72 студент, Шетел филологиясы білім беру бағдарламасын 31 студент, ал Аударма ісі білім беру бағдарламасын 33 студент тәмамдады.





















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
26.06.2026
563
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру