Елордадағы «Астана» медресе-колледжінде 2025–2026 оқу жылының бітіруші түлектеріне арналған салтанатты диплом тапсыру рәсімі аясында оқу үздіктеріне қаржылай сертификаттар табысталды.
Аталған шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып ізгі тілегін жеткізді. Сондай-ақ оқу барысында үздік нәтиже көрсеткен шәкірттерге қаржылай сертификаттар табысталып, білімге деген құлшынысы мен еңбегін жоғары бағалады.
Айта кетейік, биыл еліміздегі 9 медресе-колледжді жалпы 598 түлек тәмамдады. Оның 340-ы ер, 258-і қыз бала. Қазіргі таңда 350 түлек діни қызметке жолданып, тиісті бұйрықтарын алды. Сонымен қатар, бірқатар бітіруші «Нұр-Мүбарак» университеті мен Хусамуддин ас-Сығанақи атындағы ислам институтында білімін жалғастыруды жоспарлап отыр.
Биыл «Астана» медресе-колледжін 54 түлек аяқтады. Оның ішінде 27-сі ер, 27-сі қыз бала. 2007 жылы негізі қаланған оқу орнын бүгінге дейін 527 шәкірт тәмамдап, еліміздің рухани саласында жемісті қызмет атқарып келеді.















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
23.06.2026
190
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру