Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл басылымы «Мұнара» газетінің ұйымдастыруымен БАҚ қызметкерлері мерекесі қарсаңында журналистер арасында үстел теннисінен турнир өтті. Дәстүрлі дода биыл алтыншы рет ұйымдастырылды.
Астана қаласында өткен үстел теннисі турниріне түрлі бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет етіп жүрген 14 медиа маманы қатысты. Турнир қорытындысында «Мұнара» газетінің директоры Ағабек Қонарбайұлы қатысушы БАҚ өкілдеріне ризашылығын білдіріп, дәстүрлі турнирге тұрақты түрде төрелік етіп келе жатқан тәжірибелі спорт жаттықтырушысы Ерлан Жаңбырбайұлына алғыс хат табыстады.
Тартысты өткен жарыста ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз хатшысы Мұхтар Ыбырайым топ жарып, жеңімпаз атанды. Жүлделі екінші орынды турнирдің тұрақты қатысушысы Qazaqstan ұлттық арнасының журналист-редакторы Оңғар Алпысбайұлы еншілесе, Республикалық бас мешіттің баспасөз хатшысы Нариман Аманжол үшінші орынды иеленді.
Сондай-ақ топтық кезеңнен өткен 5 қатысушы – «Жариялайық.кз» сайтының бас редакторы Олжас Қасым, «Qazaqstan» ұлттық арнасының телеоператоры Айдос Ерболұлы, primeminister.kz сайтының жауапты редакторы Рауан Қайдар, «Балапан» телеарнасындағы зияткерлік ойындар жүргізушісі Алтынбек Сұлтанқұл және Республикалық бас мешіттің операторы Марат Сәдуақасов ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.




















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
14.06.2026
77
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру