Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ БАЛАЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ 500-ГЕ ЖУЫҚ БҮЛДІРШІНГЕ ТӘТТІЛЕР ТАРАТТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 01.06.2026 72 0 пікір
ҚМДБ БАЛАЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ 500-ГЕ ЖУЫҚ БҮЛДІРШІНГЕ ТӘТТІЛЕР ТАРАТТЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде мерекелік шара өтіп, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 500-ге жуық бүлдіршінге арнайы тәттілер таратты.

Шара барысында Бас мүфти бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады сондай-ақ, шара аясында мешітке келген бүлдіршіндерге тәттілер үлестіріліп, мерекелік көңіл-күй сыйланды.

Айта кетейік, осы күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты еліміздің барлық мешіттерінде «Имани жаз – 2026» жазғы сауат ашу курсы бастау алды. ҚМДБ бастамасымен ұйымдастырылған бұл рухани жоба аясында шәкірттер діни сауаттарын арттырып, Құран әліппесін, имандылық негіздерін, көркем мінез бен әдеп қағидаларын үйренеді. Сонымен қатар ұлттық тәрбие мен дәстүр сабақтастығын дәріптейтін арнайы танымдық сабақтар өткізіледі.



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру