1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласындағы «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қарияларға арналған арнайы шара ұйымдастырды.
Аталған шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, орталықтағы қарияларды мерекемен құттықтады.
«Алла Тағала сіздерге күш-қуат, ұзақ ғұмыр нәсіп етсін. Халқымыз «Қарты бар елдің қазынасы бар» дейді. Біз қариясын құрметтеген, үлкенін сыйлаған, «қарттарым – қазынам» деп бағалаған елміз.
Ақ сақалды ата мен ақ жаулықты әженің біз үшін орны бөлек. Аллаға шүкір, елімізде байырғы бабалардан келе жатқан осы бір сабақтастық әлі күнге өз құндылығын жойған жоқ. Қарияны құрметтеу – біздің бабалардан мирас болған қастерлі мұрамыз іспетті.
Мемлекетіміз де қарияларын әрқашан қолдап келеді. Оларға көрсетілетін көмектің көлемі де жыл сайын ұлғаюда. Бұл – үлкен қамқорлық. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да өз мүмкіндігі аясында қарттарға қамқорлық танытып келеді», – деді Бас мүфти.
Мерекелік шара барысында орталықтағы қарияларға арнайы сый-сияпаттар табысталды. Сондай-ақ ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелерге құрмет көрсетіліп, ізгі тілектер айтылды.
Шара соңында қариялар ізгі ниетін білдіріп, елдің амандығы мен халықтың бірлігіне дұға жасады.



















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
01.10.2026
597
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру