Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ПАВЛОДАРДА МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖ ШӘКІРТТЕРІНЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 21.05.2026 290 0 пікір
БАС МҮФТИ ПАВЛОДАРДА МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖ ШӘКІРТТЕРІНЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Павлодар облысына барған сапарында «Әбу Бәкір Сыддық» медресе колледж шәкірттеріне дәріс оқыды.

«Ихсан – рухани тәрбие негізі» тақырыбында дәріс оқыған Бас мүфти шәкірттерді білім алуда ыждағаттылық танытуға шақырды. Сонымен қатар әрбір ізгі амалды ихсан дәрежесінде, яғни тиянақты әрі көркем түрде орындауға үндеді.

«Қазір білім мен ғылымның заманы. Сондықтан біздің шікірттеріміз медреседен терең білім алып, халыққа қызмет етуіміз керек. Абай атамыз: «Адамға хәлінше ихсанды болмақ – қарыз іс. Барлық өзгелердің ихсанына сүйенбек дұрыс емес», – деген. Яғни адамдарға жақсылық жасау адамның міндеті, бірақ өзгелердің өзіне жақсылық жасауын күтіп, еңбек етпей, біреуге масыл болып өмір сүру дұрыс іс еместігін айтқан. Сол үшін біліміміз бен қайратымызға сүйеніп, адал өмір сүруіміз тиіс» деді Бас мүфти.

Айта кетсек, бүгінде «Әбу Бәкір Сыддық» медресе колледжінде 100-ге жуық шәкірт білім алады. Оларға діни біліммен қатар физика, тарих, информатика сынды пәндерден сабақ беріледі.












Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру