Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Астана медресе-колледжінің» арнайы пән ұстаздары аттестаттаудан өтті.
Аттестаттаудың негізгі мақсаты – діни білім беру саласындағы мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, білім деңгейін жетілдіру және оқыту сапасын нығайту. Аттестаттау екі кезең бойынша ұйымдастырылды. Алғашқы кезеңде ұстаздар компьютерлік тестілеу арқылы ақида, фиқһ, ислам тарихы және заң пәндері бойынша білімдерін сынады. Екінші кезеңде ауызша сұрақ-жауап форматында қырағат, тәжуид, хадис, дін мен дәстүр бағыттары, сондай-ақ ҚМДБ бекіткен концептуалдық құжаттар бойынша дайындық деңгейлерін көрсетті.
Аттестаттау комиссиясына ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Асан Тілеубердиев төрағалық етті. Сонымен қатар комиссия құрамында ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов, Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрсақов және Діни білім және кадр дайындау бөлімі меңгерушісінің орынбасары Серікбол Аршабаев болды.
Іс-шара қорытындысы бойынша аттестаттаудан барлық 15 ұстаз сәтті өтті.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
12.05.2026
559
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру