Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЛМАТЫЛЫҚ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КЕЗЕКТІ АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТУДЕ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 27.04.2026 350 0 пікір
АЛМАТЫЛЫҚ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КЕЗЕКТІ АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТУДЕ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы діни қызметкерлердің республикалық кезекті аттестациясы басталды.

Алматы Орталық мешітінде өтіп жатқан республикалық кезекті аттестаттауға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы төрағалық етуде. Сонымен қатар, ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Асан Тлеубердиев, Құран секторының меңгерушісі Серік Ахметов, сондай-ақ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуали қатысып, имамдардың діни білім деңгейін саралап, бағалауда.

Іс-шара барысында сөз алған наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, аттестация тапсырушы дін қызметкерлеріне сәттілік тіледі.

Аталған аттестацияға Алматы қаласы бойынша 56 мешіттен 230-ға жуық діни қызметкер (бас имам, наиб имам, ұстаз, молда және азаншы) қатысуда. Аттестация үш күнге жоспарланған.

ҚМДБ бастамасымен жүзеге асып жатқан бұл шара дін саласында қызмет ететін имамдардың кәсіби біліктілігін арттыруға, діни білімдерін жүйелі түрде жетілдіруге және қызмет сапасын көтеруге бағытталған.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру