Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАМАЗАН-2026: АЛҒАШҚЫ ОН КҮНДЕ ТАРАУИХ НАМАЗДАРЫНДА 15 505 УАҒЫЗ-НАСИХАТ АЙТЫЛДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 07.03.2026 1108 0 пікір
РАМАЗАН-2026: АЛҒАШҚЫ ОН КҮНДЕ ТАРАУИХ НАМАЗДАРЫНДА 15 505 УАҒЫЗ-НАСИХАТ АЙТЫЛДЫ

Бұл туралы бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде Уағыз-насихат бөлімінің маманы Қазыбек Ануарбекұлы хабарлады.

«Уағыз-насихат» бағыты бойынша Рамазан айында жамағаттың рухани танымын арттыру мақсатында тарауық намазынан бұрын «Отыз күнге – отыз уағыз» жобасы аясында еліміздің барлық өңірлерінде жүйелі түрде уағыз-насихат жұмыстары жүргізілуде. Аталған жоба шеңберінде мешіттерде күн сайын жамағатқа Рамазан айының құндылықтары, сабыр, тақуалық, қайырымдылық және ізгі амалдар туралы насихат айтылып, жалпы саны 15 505 уағыз-насихат ұйымдастырылды. Нәтижесінде бұл насихат жұмыстары арқылы 227 541 адам қамтылды.

Сонымен қатар ауызашар дастархандары барысында да жамағатқа тағылымды уағыз-насихаттар айтылып, Рамазан айының рухани маңызы кеңінен түсіндірілуде. Өңірлерде ұйымдастырылған ауызашарларда барлығы 5 346 уағыз-насихат айтылып, 645 070 адамға насихат жұмыстары жүргізілді.

Бұдан бөлек, қазіргі ақпараттық кеңістіктің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мақсатында «30 күнге – 30 амал» жобасы әлеуметтік желілерде де кеңінен жүзеге асырылуда. Жоба аясында әр күнге бір пайдалы амал мен рухани кеңес ұсынылып, онлайн форматта 1 352 уағыз-насихат жарияланды. Бұл насихат материалдары әлеуметтік желі қолданушылары арасында кеңінен таралып, жалпы саны 3 535 826 адамды қамтыды»,- деді Қазыбек Ануарбекұлы.










Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру