Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ: «РАМАЗАН – ЖОМАРТТЫҚ ПЕН ҚАЙЫРЫМ АЙЫ»

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 21.02.2026 1626 0 пікір
БАС МҮФТИ: «РАМАЗАН – ЖОМАРТТЫҚ ПЕН ҚАЙЫРЫМ АЙЫ»

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Республикалық Бас мешітте тарауық намазына қатысып, жамағатқа насихат айтты.  

«Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдардың ішіндегі ең жомарты еді, – яғни дүниесін мұқтаждарға беруде, өзін жақсылыққа сарп етуде, білмейтін жандарға білім үйретуде, адамдарға насихат айтуда, жалпы өзгелерге пайда келтіретін барлық істе жомарт болатын дегенді білдіреді.

«Әсіресе, Рамазан айында, Жәбірейілмен кездескенде ерекше жомарттық танытатын», – бірақ, қасиетті Рамазан айының келуімен бұл істерде артығымен белсенділік танытатын. Өйткені Рамазан – жомарттық айты. Бұл айда Жаратушы Иеміз пенделеріне амалдардың сауабын беруде Өте Жомарт. Және пенделері де бір-біріне жомарттық танытулары қажет.

«Жәбірейілмен кездескенде», – делінуі, ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Рамазан айының әрбір кешінде Жәбірейіл періштемен (оған Алланың сәлемі болсын) кезігіп, Құранды қайталайтын болған», –деді Бас мүфти.

Тарауық намазынан кейін жамағатпен бірге еліміздің амандығы мен тыныштығы, халқымыздың бірлігі мен берекесі үшін дұға жасалды.













Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру