Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: «Отбасындағы адалдық пен жауапкершілік» тақырыбында семинар

Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі 18.02.2026 908 0 пікір
Шымкент: «Отбасындағы адалдық пен жауапкершілік» тақырыбында семинар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарламалық баяндамасы және жуырда ашылған «Дін мен дәстүр» және «Отбасы» бағыттары аясында ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының Шымкент қалалық бөлімшесі бірлесіп «Отбасындағы адалдық пен жауапкершілік» тақырыбында семинар ұйымдастырды.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағы Шымкент қалалық бөлімшесінің төрағасы Әбдіәкім Момбек, жазушы Захриддин Қыстаубай, ҚМДБ Ақылдастар кеңесінің мүшесі Бекайдар Әміре, найб имам Ахметжан Керімбек, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, «Дін мен дәстүр» бағытының жетекшісі Самат Сапарханұлы, сондай-ақ ақын-жазушылар, Жастар ісі секторының өкілдері мен мешіт имамдары қатысты.

Алғаш рет ұйымдастырылған басқосуда дін мен дәстүр сабақтастығы, руханият, ұлттық құндылықтар және отбасы институтының маңызы кеңінен сөз болды. Бірқатар имамдар араб, парсы, түрік, шағатай тілдерінде жазылған классикалық еңбектерден мысалдар келтіріп, олардың мазмұнын талдап, тағылымды ойларымен бөлісті.

Семинар барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, алдағы уақытта мұндай мазмұнды кездесулер мен арнайы семинарларды тұрақты түрде өткізу жөнінде өзара келісім жасалды. Сонымен қатар зиялы қауым өкілдеріне Мүфтият тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар жан-жақты таныстырылып, кеңінен түсіндірілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру