Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ «Халал даму» мекемесі шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасты

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 14.02.2026 1504 0 пікір
ҚМДБ «Халал даму» мекемесі шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес, «Халал даму» ЖШС директоры Айбек Асқарбекұлы мен мекеме технологы Нұрбек Қанатұлы тәжірибе алмасу мақсатында Ресей Федерациясына іссапармен барды.

Сапар аясында мамандар Черкизово құс фабрикасының (Пенза облысы, Бессонов ауданы) өндірістік нысандарын, сондай-ақ Городищенский ауданы, Средняя Елюзань ауылында орналасқан ЭКОПРОД кәсіпорнының жұмысымен танысты.

Іссапар барысында құс етін өндіру, өңдеу, сақтау және тасымалдау кезеңдеріндегі халал талаптарының сақталу барысы зерделенді. Сонымен қатар өндірістік үдерістердің ұйымдастырылуы, өнімнің халал стандарттарына сәйкестігі, Қазақстанға Ресейден импортталатын құс өнімдерінің өндірілуі мен өңделу тәртібі жан-жақты қарастырылды.

Кездесу нәтижесінде тараптар халал индустриясы бағытындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу және сапа бақылауын жетілдіру мәселелері бойынша пікір алмасты.



 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру