ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти, РАНТ мүшесі Кенжетай Байкемелұлы арнайы іссапармен Қостанай өңіріне барды.
Сапар барысында наиб мүфти облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде зиялы қауым өкілдерімен, қажылармен және жастармен кездесті.
Сондай-ақ аудан және қала имамдарына арналған әдістемелік семинар өткізіп, кейін мешіттің тыныс-тіршілігімен танысып, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы кітапхананы, «Taza bulaq» студиясын және Аймағанбет Спанұлының өмірі мен қызметіне арналған көрмені аралады.
Бұдан бөлек, іссапар аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Ислам және адал қоғам» кітабын оқудан өткізілген сайыстың жеңімпаздары мен облыстық мешіттің 10 жылдығына орай ұйымдастырылған дәстүрлі садақ ату жарысының жүлдегерлеріне арнайы марапаттар табыстады.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
12.11.2026
22
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру