Астанада Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев жастар ұйымдарының жетекшілерімен және креативті индустрия өкілдерімен кездесті.
Басқосуға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі Нұрболат Советханов қатысты.
Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған міндеттер, мемлекеттік жастар саясаты және жастардың қоғамдық бастамаларын қолдау мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, ҚМДБ жастары елордада өткен «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне де қатысқан еді.
Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жастардың рухани дамуына, ұлттық және адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіріп, адал азамат болып қалыптасуына бағытталған жұмыстарды жүйелі жүргізіп келеді. Осы бағытта Жастар ісі секторы жастарды білімге, кітап оқуға, еріктілікке және қоғамға пайдалы істерге жұмылдыруға мән беруде.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
05.11.2026
47
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру